Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Мамандықты қалай таңдау керек?

Ал сен мамандық таңдадың ба?

Бұрын мамандық таңдау ешкімді аса мазаламайтын, себебі таңдауға болатын мамандықтар саны да көп емес еді. Алайда қазір бұл сұрақ өзекті мәселеге айналған. Әр адам өзінің ісін тапқысы келеді, өзіңе ұнайтын затпен айналысқысы келеді. Бұл бізді де қуантады.


Таңдаудан қателессең, әрине, артынша оны ауыстыруға болады. Бірақ бірнеше жылыңды босқа құртып аласың. Қазір мамандық таңдаудың ең кең таралған жолдары:

— ата-анасының ісін жалғастыру

— грантқа оңай түсуге болатын мамандықты таңдау

— жалақысы көп мамандықты таңдау

— қазір сұранысқа ие мамандықты таңдау


Бірақ мұнда бір мәселе: саған қайсысы шын мәнінде ұнайды? Біздің кеңесіміз, ештеңеге қарамастан өзіңе ұнайтын саланы таңда.

Мамандық таңдауда қателеспеу үшін не істеу керек? Ең бастысы, болашақ мамандығыңды ақша табу жолы деп қарастырма. Себебі қай салада болмасын, бір мамандықты жақсы игерген, өз ісіңнің шебері болсаң, сен міндетті түрде еңбегіңнің жемісін көресің.

Тізім жаз. Дәптерді «қалаймын» және «қолымнан келеді» деген екі бағанға бөл. Екеуіне толтырып түрлі мамандықтарды, түрлі хоббилеріңде жазып шық. Артынша екі тізімге ортақ заттарды тап. Солайша, таңдауға болатын мамандықтарды табасың.

Түскің келетін университетке ашық есіктер күнінде барып, түрлі мамандықтарды, факультеттерді көріп шық. Қай салада немен айналысатынын зертте.

Ал біздің қосымшадан толық мамандықтар тізімі мен шектік баллдарын көруге болады. Сәттілік!