Қазақша посттар
Керексіз ойлар мазалай берсе…
Пайдалы кеңестер

Керексіз ойлар мазалай берсе…

Кейбір ойлар сені босқа уайымдатып, организміңді стресске түсіріп, дұрыс шешім қабылдауыңа кедергі келтіреді. Сондықтан бүгінгі постымызда біз саған сондай ойлардан құтылудың бірнеше әдістерін ұсынатын боламыз.


1. Ешқандай музыка тыңдамай-ақ, жай далада серуендеп қайтқанның өзі - қобалжу мен бос уайымнан арылуға көмектеседі. Бар болғаны айналаңа көз жіберіп, сол туралы ойға сүңгіп кетсең болғаны, керексіз ойлар енді сені мүлдем мазаламайтын болады.


2. Көптеген психологтар қажетсіз ойлардан арылудың ең эффективті жолы - спортпен айналысу екеніне нық сенімді. Шынымен де, спорт сенің физикалық денсаулығыңды ғана емес, психологиялық жағдайыңды да қоса ретке келтіреді. Сондай-ақ спортпен жалғыз өзің айналысқаннан гөрі достарыңмен бірге топ болып айналысу әлдеқайда пайдалы екенін есіңнен шығарма.


3. Ойыңды басқа нәрсеге бөлу үшін сүйікті ісіңмен айналысуыңа болады. Музыкалды аспаптарда ойнау, қолөнермен айналысу немесе кітап оқу секілді істердің барлығы сенің назарыңды басқаға аудартып, керексіз ойлардан құтылуға көмектеседі.


4. Бір уақыт өзіңді басқа әлемде жүргендей сезініп, өз ойларың мен эмоцияларыңды ұмыту үшін кино немесе театрға баруыңа болады. Бұл саған сәл босаңсып, мазасыз ойларды шамалы уақытқа болса да ұмытуға мүмкіндік береді.