Қазақша посттар

Стив Тейлор заңын біліп алсаң, ұтасың

Кейде аяқ астынан бойыңызда шабыт пайда болып, көңіл-күйіңіз көтеріліп, дәл қазір тауды да қопара алам деген сезім болады ғой әркімде. Сол кезде бар күш-жігеріңізді өзіңіз жасағыңыз келген іске арнаңыз. Зеріктіретін жұмыстарды кейінге ысырып қойыңыз.





Ал енді энергияңыз таусылып, ештеңеге зауқыңыз соқпаған кезде, қызықсыз әрі зеріктіретін істерді жасаңыз. Бұл неге десеңіз, осылай жасау арқылы, сіз өзіңізді тәртіпке бейімдейсіз. Іш пыстыратын, бірақ қажетті істерді жасайсыз. Ал жаңағыдай, күшіңіз тасып бара жатса, өзіңіз қалаған әрі маңызды заттарға көңіл бөлесіз.





Ал сіздің ойыңызша, шабытты тағы қалай тиімді пайдалануға болады?