Қазақша посттар

Қарапайым психологиялық тәсілдер

Бұл тәсілдер манипулятор-психологтардың құрығына түсіп қалмауға көмектеседі. Сонымен бірге өзіңе де пайдасы мол.





Ешқашан адамға Сен істей аласың ба? деп айтпаңыз. Өйткені ол сұрақты теориялық ретінде қабылдайды. Мысалы, сіз көршілерге қоңырау шала аласыз ба? десеңіз, теориялық тұрғыдан істей аламын дегенді білдіреді. Сондықтан, мұндай сұрақты көршілерге қоңырау шалыңыз деп айтқан дұрыс.





Егер сіздің әңгімелесушіңіз сұрақтан жалтарса немесе бірдеңе айтпаса, сөйлесуді бір сәтке тоқтатып, адамның көзіне қараңыз. Ол әңгімені тоқтатудан ұялып, сөйлей береді. Мүмкін ол сізге не қажет екенін толығырақ айтады немесе шындықты айтады (егер ол өтірік айтса). Сіздің үнсіздігіңіз бен көзқарасыңыздан сіз бәрін біліп тұрғандай сезінеді.





Егер сіз біреумен (мысалы, кеңседе) қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, жауабын білсеңіз де бір нәрсе жайлы түсіндіріп беру туралы өтінішпен хабарласыңыз. Бұл оның сізге деген көзқарасын жақсы жаққа өзгертеді.





Қоңырау (будильник) шырылдаған кезде, сіз атып тұрыңыз. Сосын жұдырығыңызды қысып, иә! деп айқайлауыңыз керек. Дәл гол соққан футболшы секілді. Бұл таңқаларлық, бірақ сіз бірден батылданасыз және төсектен оңай тұрып кетесіз.





Егер сіз жақсы ұйықтамасаңыз, миыңызға қатаң түрде айтыңыз: Мен жақсы ұйықтадым . Бұл сенімсіз болып көрінеді, бірақ егер сіз өз сөздеріңізге сенімді болсаңыз, ол 100% жұмыс істейді.