Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Оқушыға неге уақыт жетпейді?

Оқушы сабақ оқуы керек, ҰБТ-ға дайындалуы керек, үй шаруасына көмектесуі, ойнауы, демалуы, үйірмеге қатысуы, достарымен кездесуі керек. Оның бәріне қалай үлгереді?


Уақытты жоспарлаудан бұрын оның тиімді өтуіне мән беру керек. ҰБТ-ға дайындалуға 2 сағат бөліп, бірақ сол уақытта маужырап отырсаң, не пайда?

1. Аптаның жоспарын жасау керек. Ол үшін бір апта ішінде істеу керек нәрсенің тізімін жаса.

2. Қай іс қай салаға жататынын жаз (оқу, үйге көмек, ҰБТ, т.б.)

3. Әр істі бітіру керек мерзімін жаз.

4. Әр істі бітіруге кететін уақыт мөлшерін жаз.

5. Енді қағазды жеті бөлікке, яғни аптаның жеті күніне бөл. Істерді іріктейміз

6. Алдымен уақыты қатып қалған істерді жаз. Мысалы, мектеп уақыты, үйірме уақыты, ҰБТ сынақ тесті. Бұлардың уақытын сен өзгерте алмайсың.

7. Әр күннің жоспарында демалуға, ұйықтауға уақыт қалу керек. 20-22 сағат ояу жүруге болмайды.

8. Кейбір істер созылуы мүмкін. Сондықтан жоспар өте тығыз болмауы керек. Арасында бос уақыттар болуға тиіс.

9. Бір іс бітпей қалса немесе орындалмай қалса, онда келесісін өз уақытында істей береміз.

10. Енді жоспарды көрінетін жерге іліп қой. Оны жиі қарап, тексеріп тұр.

11. Егер бір күн ішінде аз іс бітірсең, онда қай жерді өзгерту керек, қандай жағдайды тиімді болатынына талдау жаса.

12. Ағзаң не деп жатыр, соны тыңда. Көп жұмыс істей бергеннен тиімділік азаюы мүмкін. Ұйқың кеп тұрса, мызғып ал.