Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Миыңды сақтағың келсе, мына үш әдеттен бас тарт

1. Көп қозғалмайтын өмір салтына әдеттеніп кетсең, бұл біртіндеп мидағы нейрондардың формасын өзгертіп, ақыл-ой қабілеттерінің төмендеуіне алып келеді. Физикалық жаттығулар жасағың келмесе де, жай ғана таза ауада серуендеп немесе велосипед теуіп қайтуға тырыс.


2. Біз күн сайын айналамыздан өте үлкен көлемде ақпарат аламыз. Оның ішінде керекті ақпарат та, керексіз ақпарат та бар. Егер миды әлгі керексіз ақпараттардан үнемі тазартып отырмасақ, мида стресс пайда болуы мүмкін. Ал стресс мидың жұмысын тежеп, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Телефонның ішін қажетсіз ақпараттардан жиі-жиі тазартып, поштаңды арасында тексеріп отырғаның жөн.


3. Қазіргі кезде адамдар арасындағы социалды қарым-қатынас біртіндеп жоғалып, оның орнын виртуалды қарым-қатынас басуда. Адамдар бұрынғыдай бетпе-бет кездесуді емес, онлайн түрде сөйлескенді құп көреді. Алайда бұның миға және адамның психикасына қаншалықты зиян екенін көбі біле бермейді. Зерттеулер нәтижесінде адамдардың шынайы өмірде қарым-қатынас орнатуды тоқтатуы уақыт өте келе мидың нашарлауына әкеліп соқтыратыны белгілі болды. Ал енді өз өміріңе назар аударып көрші, сенің айналаңдағы адамдармен қарым-қатынасың қалай?