Егер алдын-ала барлық істеріңді жоспарлап алсаң, артық уайымнан құтыла аласың. Бәріне үлгересің. Кейбір адамдарға жоспарлау қиын тиеді. Бірақ қиын екен деп, мүлдем істемей қоюға болмайды. Дәрі ащы екен деп, ішпей қоймайсың ғой. Жоспарлауға жақсы көмектесетін Тұсбағдар әдісін айтып береміз:
1. Дене әрекеттері
Саябақта серуендеу, аулада ойнау, спортпен шұғылдану, т.б.
2. Интеллектуалдық әрекеттер
Үйрену, білім алу, ҰБТ-ға дайындалу, үйірмеге қатысу, кітап оқу, т.б.
3. Рухани әрекеттер
Рухани байытатын кітаптар оқу, дұрыс әдеттер қалыптастыру, жақындарыңа, мұқтаж адамдарға көмектесу, т.б.
4. Қарым-қатынас әрекеттері
Қонаққа бару, қонақ күту, ренжіскен адамдармен татуласу, достарыңмен кездесу, біраздан бері көріспеген таныстарыңмен хабарласу, т.б.
Осы жоспармен бір аптаңды өткізіп көр. Бәрі керемет шықпауы мүмкін. Бірақ көш жүре түзеледі. Қай бөлімнің әрекеттері көп, қай бөлімге күш салар едің, сенің мақсатыңа жетуге қай бөлім көмектеседі деген секілді сұрақтар қойып, өзіңе талдау жаса.
Интеллектуалдық әрекеттердің көпшілігін JOO.kz курсынан таба аласың. Соңы грант ұтып алумен аяқталатын курсқа жазылуды кейінге қалдырма. Өтініш қалдыру үшін МЫНА сілтемеге өт.