Қазақша посттар
2022-08-04 17:15 Пайдалы кеңестер

Бәсекелестік үздіксіз дамуды талап етеді!

Бәсекелестік - жетістікке жетуге көмектесетін ең үздік жол, себебі ол:


1. Сәтсіздіктің дәмін сезініп, тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Бәсекелестік болған соң бір адам жеңімпаз атанып, бір адам жеңіліс табады. Жеңіліс тапқан адам қарсыласына ашу-ыза ұстамай, керісінше, соған қарап бой түзеуге тырысады. Міне, бәсекелестіктің екі адамға үйреткісі келетіні де осы нәрсе.


2. Адам бойындағы жауапкершілік және тәртіп секілді маңызды қасиеттерді дамытады. Мақсатқа жету үшін алдын-ала барлығын жоспарлап, өз іс-әрекетіңе жауапкершілік ала білу керек. Әйтпеген жағдайда қарсыластарың сенен озып кетуі мүмкін. Сол үшін де, өз уақытың мен күш-қуатыңды дұрыс саралап, тайм-менеджменттің сырларын меңгеріп алғаның жөн.


3. Өзіңе деген сенімділікті арттырып, көпшіліктің назарына ұшырау қорқынышынан арылтады. Қасыңдағы қарсыластарыңның арасынан бөлініп шыққың келсе, өз қабілеттеріңді өзгелерге көрсетіп, жауапты істерді мойныңа алудан қорықпауың керек.


4. Қолыңа алған әрбір істі сапалы және эффективті атқаруға итермелейді. Қарсыластарыңнан озғың келсе, өзіңе берілген жұмысты максималды түрде жақсы орындап шығуға тырыс.


5. Әр адамның таланттары мен қабілеттерін дамытуға көмектесіп, алға қарай жылжуға мотивация береді. Сол себепті де, жетістікке жетіп, лидер болғың келсе, бәсекелесіп үйренуің қажет.