Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Ұстаз болғың келсе...🎓

«Ұстаз болу - жүректің батырлығы» дегенді қазақ халқы бекер айтпаған. Бала кезінде «ұстаз боламын» деп, армандамаған адам кемде кем шығар. Дегенмен бала арманын шынайылыққа жеткізген жандар өте сирек.


Ендеше ұстаздыққа бет бұрған талапкерлер үшін шағын пайдалы кеңестер қалдырдық:

  • ұстаздың алдынан ғалым да, шахтер да өтетіндіктен, қазірден жан жақты болуға тырысу керек. Мен жұлдыздар жайлы ештеңе білмеймін, себебі мен биологпын деген бір жақты көзқарастан аулақ бол.
  • үнемі ізденісте жүр. Жаңа дүниелерді сынап көруден еш қорықпа. Сенің қолыңнан барлығы келеді.
  • оқушыларың үшін тек ұстаз емес, дос та бол. Сенің қасыңда өздерін еркін сезінсе, тіл табысуда оңай болады.

Ең бастысы білім алудан жалықпа! Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.