Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-ға дайындалуға үйдегілер кедергі жасайды!

Үй кейде азан-қазан болып кететіні бар. Қонақ келіп жатады, кетіп жатады. Бала жылап, не айқайлап жатады. Бауырларың ойынға тартып, мазаңды алады. Оларға «мен грантқа оқу үшін ҰБТ-ға дайындалуым керек» десе түсінбейді.


Енді не істейміз?

1) Үйдің үлкендеріне оқу кезіндегі тәртіпті түсіндіріп қою қажет. Сен үшін грант қандай маңызды болса, олар үшін де тегін оқыту соншалықты маңызды.


2) Үйдің үлкендері арқылы бауырларыңа түсіндіру керек. «Асхат сабақ оқығанда мазаламаңдар. Кім мазаласа, сникерс жемейді» деген секілді жаза, не мотивация беру керек.


3) Бауырларыңмен уақытты бөліп ал. Бір уақытты сабаққа, бір уақытты бірге ойнауға жұмса. Сонда сабақ барысында сені мазаламайтын болады.


4) Бөлмеңде отырып, назарды бөлмейтін музыка (lofi) музыка қойып, сабаққа дайындал. Сонда сырттың шуылы жұтылып кетеді.

Әр үйдің тәртібі басқа. Мүмкін бір үйде ұрсып берер, бір үйде шымшып алар. Ең жақсысы – екі жақ та ұтатын келісімге келу.

Ал біздің курстың оқушылары, сендер сабаққа кедергі жасаса қандай шара қолданасыңдар?