Болашаққа құрған жоспарларыңды (жақсы оқуға түсу, шетелде демалу немесе үй/көлік сатып алу) жақындарыңмен, достарыңмен бөлісуде тұрған ештеңе жоқ секілді көрінеді. Алайда сонау 1933 жылы шетелдік психологтар біздің өз армандарымыз бен жоспарларымызды неғұрлым көп адам білсе, олардың шынайы өмірде орындалу мүмкіндігі соғұрлым төмендейтінін анықтады.
Неге олай? Себебі біз әлі орындалмаған жоспарларымызды ертерек басқаларға айтып қоятын болсақ, санамыз әлгі жоспарларды орындалған деп санай бастайды екен. Ал егер санамыз жоспарларды орындалған деп санаса, онда адамның ол жоспарларды жүзеге асыруға деген мотивациясы да төмендейді деген сөз.
Нью-Йорк университетінің профессоры Питер Голлуитцер жақында 63 адамның қатысуымен зерттеу жұмысын жүргізіп көреді. Зерттеу нәтижесінде алдын-ала өз жоспарларын ешкімге тіс жарып айтпаған адамдар, өз жоспарларын көпшілікпен бөлісіп, қолдау алғандарға қарағанда, өз мақсаттарын орындау мүмкіндіктері жоғары екені белгілі болды. Осы тәжіриебеге сүйене отырып, мынадай түйін шығаруға болады: ешқашан өз армандарыңды, жоспарларыңды және алға қойған мақсаттарыңды толық орындалғанша ешкімге айтып, бөліспе. Өйткені бұл сенің мотивацияңды төмендетіп, оларды істеуге деген құлшынысыңды жояды.