Қазақша посттар
2022-08-03 18:08 Пайдалы кеңестер

Өміріңді жеңілдет

Қазіргі қарбалас заманда өмір бір орында тұрмайды. Бәрі жаңаруда, адам да өзгеруде. Мен жақсара түсемін, мен алға жылжимын деп, кейде адамдар өзіне керек емес іспен де айналысып кетеді. Түрлі мотивациялық видеолар көріп, шабыттанып, бір сәтте көп іспен айналысып, көп жұмыс бітіріп тастағысы келеді. Сенде де арасында мұндай болып тұратын шығар, сірә? Өміріңді қиындатпа, біздің кеңестерге жүгін.


1. Өзіңе нақты не керек екенін анықтап ал. Себебі көп істі мойныңа алған соң, ол артық жүк секілді, саған алға жылжуға кедергі келтіріп тұрады. Жүгіңді жеңілдету үшін бірінші мақсатыңды анықтап ал. Сосын сенің күнделікті айналысып жүрген заттарыңды қарастыр, қайсысы сені мақсатыңа жақындатады, ал қайсысы алыстады?


2. Күнделікті істейтін істеріңнің санын азайт. 5-6 істі бастап қойып, соны апталап істеп жүрген жақсы ма, әлде 1-2 затты бір күнде толығымен бітірген жақсы ма? Әрине, қай жағынан алып қарасақ та, бірден істеген тиімдірек. Бітпеген жұмыс адамға кері әсерін тигізеді. Ал біткен жұмыс қосымша мотивация болады.


3. Айналысатын шаруаңды реттестірген соң, көңіліңді аулайтын факторларға көш. Олар компьютерлік ойындар, әлеуметтік желі, сериалдар және т.б. болуы мүмкін. Не болса да, бірден бас тартпа, бірақ осы заттарға жұмсайтын уақытыңды күн сайын азайта түс. Осылайша бұл әдеттен де арыласың.


4. Бір уақытта бір затпен ғана айналыс. Бұл уақытты үнеймдейді деп ойлайсың, бірақ негізі керісінше. Мәселен, сен сабақ оқып отырып сериал көрдің дейік. Басында бәрі жақсы басталады, бірақ бірер сәттен кейін сен жасап жатқан сабағыңда шатасып, сериалда не болып жатқанын түсінбей, кейін екеуін де басынан істеуге тура келеді.


5. Бос уақыт қалдыр. Бір жұмысты бітіріп, бірден екінші жұмысқа көшпе. Миың да, денең де шаршап қалады. Ал шаршап жүріп жасалған жұмыстың сапасы не болмақ? Өзіңе демалуға уақыт бер. Серуендеп қайтуыңа болады немесе үйде отырып, жүрек жалғап ал. Болмаса біраз жаттығу жасап, сергек күйіңде жұмысқа кіріссең, тіпті жақсы.