Бұлай қайталанбас үшін тізімдегі істердің ең көлемдісін, ең қиынын, ең ұнамсызын алып бастау керек. 100 кг темір көтерген адамға 30-40 кг көтеру баланың ойыншығы боп қалады емес пе? Сол секілді, қиын істі бітірген адамда сенімділік пайда болады. Кейінгі оңай істерді шемішкеше шағып тастайды.
Әрине, бұл жердегі алғашқы қадам күн сайын істеу керек жұмыстардың тізімін жасау. Біз соны жасауды маңызды деп санамаймыз. Бұл тізім жасалмаса, онда күніңіз бейберекет өтеді. Тізім болмаса, істеу керек жұмыстар жоқ сияқты жүресіз. Қолыңыз бос сияқты сезінесіз. Автоматты түрде пайдасыз, көңіл көтеретін материалдарды қарап бастайсыз.
Тізім ұнамсыз іс қалған істер. Осы ғана.