Қазақша посттар
2022-08-04 14:16 Пайдалы кеңестер

Барлығымызға керек 3 демалыс түрі

1. Физикалық демалыс 

Бұл демалыс түріне ұйқыны, сондай-ақ қан айналымын жақсартып, денеге иілгіштік қабілет беретін йога, пилатес және стретчинг секілді физикалық жаттығуларды жатқыза аламыз. 


2. Сенсорлық демалыс 

"Заманауи" адам қазір қолындағы телефонымен бірге өмір сүреді. Телефонмен бірге ұйықтап, телефонмен бірге оянады. Рас па? Бұлардың барлығы біздің үйреншікті әдеттерімізге айналып кеткені сонша, олардың қаншалықты зиян екеніне мән бермейміз. Сондықтан барлығымызға қажет демалыстың екінші түрі – сенсорлы құрылғылардан демалу. Сенсорлы түрде демалу үшін өзіңе электронды құрылғыларды қолдану лимитін орнат. Оның орнына сурет салу, кітап оқу секілді миыңды демалтып, шабытыңды ашатын пайдалы істермен айналысуға тырыс. 


3. Эмоционалды демалыс 

Кейде адамдармен араласып, оларға кеңес беруден де шаршайтын кездер болады. Бұл саған эмоционалды түрде демалу керектігінен хабар береді. Эмоционалды түрде демалу үшін сен өзіңмен-өзің қалып, өз ойларыңды сыртқа шығаратын жерді тауып, арасында сол жерге барып, демалып тұруың қажет. Сонда ғана сен ішіңде көптен бері жиналып қалған негатив пен ауыр ойлардан арылып, санаңды ретке келтіре аласың.