MPS (meaning, pleasure, strengths) әдісін Гарвард профессоры Тал Бен-Шахар өзінің сүйікті ісін таба алмай жүрген немесе қазіргі айналысып жүрген ісінде жетістікке жетуді қалайтын адамдарға арнап, ойлап шығарған.
MPS әдісін қалай қолданамыз?
1. Алдымен өзіңнің мықты жақтарың мен таланттарыңды және қандай іске икемді екеніңді анықтап ал. Ол үшін өзіңе: "Мен үшін өмірдің мәні неде?", "Мені қуантатын не нәрсе?" және де "Менің қандай артықшылықтарым мен мықты жақтарым бар?" деген сұрақтарды қойып, жауабын қағазға асықпай, ойланып, жазуға тырыс.
2. Енді жазғаныңды оқып, ішіндегі ең көп кездесетін сөздерге мән бер. Мысалы, сен үшін өмірдің мәні: адамдарды қуанту, сені бақытты ететін нәрсе: өзгелерге көмектесу және сенің мықты жағың: мәселенің шешімін тез табу болсын. Осылардың ішінен ортақ бір нәрсені тауып, бұл сипаттамалар қандай мамандыққа сәйкес келетіні жайлы ойлан. Сондай-ақ балалық шағыңдағы армандарыңды да ескеруді ұмытпа.
3. Жоғарыда берілген ақпарат пен өз жауаптарыңа сүйене отырып, өзіңе ұнайтын жұмыс түрін табуға тырыс. Сонымен қатар мамандық таңдаған кезде барынша мұқият болып, өзің қалаған мамандықты ғана таңда.