Қазақша посттар
2022-08-04 16:33 Пайдалы кеңестер

Өз-өзіңді бағалау деңгейін қалай көтеруге болады?

1. Өзін-өзі бағалау деңгейінің төмендеуінің ең бірінші себебіне сыртқы негатив жатады. Сені қоршаған адамдар, әлеуметтік желідегі "мінсіз адамдар" және саған жақын адамдарыңның барлығы сенің өміріңе және өзіңді-өзің бағалау деңгейіңе әсер етеді. Сондықтан өзіңді қоршаған ортаны ақылмен таңдап, өміріңе негативті әсер етіп, өзіңді-өзің бағалау деңгейіңді төмендететін адамдардан алшақ жүруге тырыс.


2. Қандай істі қолға алсаң да, өзіңді "Мен бұл істі міндетті түрде сәтті аяқтаймын" - деп сендіріп, өз-өзіңді жетістікке бағытта. Ол үшін қолға алған әрбір ісіңді үтір-нүктесіне дейін жоспарлап, көз алдыңа сол істе жетістікке жетіп жатқаныңды елестет. Бұлай жасау сенің өз-өзіңе және өз қабілеттеріңе деген сенімділігіңді арттыруға көмектесіп, құлшынысыңды арттырады.


3. Өз-өзіңді бағалау дәрежесін көтерудің тағы бір эффективті жолы - сүйікті ісіңмен айналысу. Өзіңнің қызығушылықтарыңа сәйкес хобби тауып, соған көңіл бөлу арқылы сен күнделікті рутинадан ауытқып, өзіңе қуаныш сыйлай аласың. Сол себепті де, көңіл-күйіңді және өз-өзіңді бағалау деңгейіңді көтергің келсе, жақсы көретін ісіңмен айналысуға кеңес береміз.