Шынында да бұл ортақ заңдылық. Біз өзінің пішіні, көлемі немесе түсі жағынан ерекшеленетін затты басқа заттардан гөрі есімізде тез сақтап қаламыз.
Мысалы төмендегі сөздерді 5 секунд ішінде жаттап алуға тырысып көріңізші:
Жүгіру
Жүру
Қашу
Секіру
Көк үйрек
Ұшу
Оқу
Сіз мына сөздердің ішінен қай сөзді тез жаттап алдыңыз? Көк үйрек деген сөз шығар, солай ма?
Бұл сөз басқа сөздерге қарағанда ұзақ жазылғандықтан және мағынасы да күлкілі болғандықтан әлгі сөзді сіз оңай есте сақтап алдыңыз. Міне Ресторфф эффектісі дегеніміз осы. Бұл эффектті оқуда пайдалансаңыз да болады. Қандай да бір формуланы, керекті фразаны есте сақтау қажет болса оны фломастермен белгілеп, ерекшелеп қойсаңыз жеткілікті.
Кейде қанша белгілесекте жаттауға қиын сөздер болады. Ондай жағдайда бірнеше технологиялық терминдерді жазып, өзіңізге жаттау қиынға соғып жүрген сөзді қоса жазып қойыңыз. Сол кезде әлгі сөзді тез әрі эффективті жаттап алатын боласыз.