Қазақша посттар
2022-08-03 11:46 Пайдалы кеңестер

Прокрастинация – істі кейінге қалдыру әдеті

Әлемде 5 адамның бірі прокрастинатор. Жалқаудың ертеңі бітпес деп жатады. Прокрастинация жалқаулық емес. Ол психологиялық мәселе. Мысалы, емтиханға дайындалудың орнына телефон шұқылап отырасың, сол іс маңызды секілді.


Ондай жағдай бәрінің басынан өтеді. Алайда кей адамдардың өміріне бұл кесірін тигізеді. Қанша тырыссаң да еш нәрсені уақытылы тындырмайсың. Содан өз-өзіңді сөгесің. Оның себебі әртүрлі: бірқалыпты жұмыс, зейін қоюдан қиналу, шаршау, сәтсіздіктен қорқу, қызықсыз, ұнамайтын нәрсемен айналысу.


Күнделікті өмірде сен істегің келмейтін нәрсеге тап боласың. Ал одан бас тартуға жүрексінесің. Соның салдарынан прокрастинация оянады. Оның үстіне телефоннан хабарландыру келе береді, инстаграмдағы, тиктоктағы жазбаларды қарағың кеп тұрады, солай бірте бірте прокрастинация жасауға үйреніп кетесің.


Істі кейінге қалдыра берудің кесірінен уақытты жоғалтасың. Ал уақыт – ең қымбат ресурс. Содан барып жұмыс өнімділігі төмендейді. Соңына келгенде бәрін бітіруге тырысып, жүйкеңе салмақ түсіресің. Ұйқы да шала болады. Уақытты құр өткізгеніңе қынжыласың, стресске түсесің. Бұл мотивацияның жоғалуына әкеледі. Өз-өзіңді төмен бағалап, қалай негативті адам болып бара жатқаныңды байқамай қаласың.

Иә, өміріңді осындай дәрежеге жеткізбей, мәселені басынан жойған жөн.