1. Сенімділік
Өз-өзіне сенімсіз адам мықты тұлға бола алмайды. Сенімсіздік адамды көптеген мүмкіндіктерден құр қалдырып, қандай да бір жетістіктерге жетуіне кедергі келтіреді. Сондықтан егер мықты адам болғың келсе, өзіңе деген сенімділікті қазірден бастап қалыптастырғаның жөн.
2. Жауапкершілік
Мықты тұлғаның әлсіз тұлғадан айырмашылығы - мықты тұлға әрдайым өз мақсаттарына берік болып, мойнына алған істердің барлығын жауапкершілікпен атқаруға ұмтылады.
3. Оптимизм
Жан-жағыңа нұр шашып, күлімдеп жүретін болсаң, адамдар да саған жылы көзқараспен қарайтын болады. Шыныменде күлкі адам ағзасында бақыт гормондарының бөлінуіне әсер етіп, негативті ойлардан арылудың ең арзан және оңай жолы.
4. Қарапайымдылық
Мықты тұлғаға өз жетістіктерін айтып, мақтанудың еш қажеті жоқ. Ол кез келген ортада өзін қарапайым ұстап, мақтануға емес, өзінің мақсаттары мен армандарын жүзеге асыруға көбірек көңіл бөледі.