Қазіргі мектеп оқушыларының өмірінде стреске душар ететін факторлар көп: емтиханға дайындық, үй тапсырмалары, ішкі гормондық өзгерістер, соғыс сияқты негативті жаңалықтар мен қоршаған орта. Ұзақ және ауыр стресстің салдарынан эмоционалды күйзеліс пайда болуы мүмкін. Оны елемей жүруге болмайды. Одан тек психика ғана емес, физикалық денсаулық та зардап шегеді. Төменде күйзелісті қалай жеңуге болатынын түсіндіреміз.
Эмоционалды күйзелістің белгілері:
- Ылғи шаршап жүру. Жеткілікті ұйықтап демалсаң да, еш нәрсеге күшің жоқ сияқты, шаршап оянасың.
- Нашар ұйқы. Ұйқының бұзылу белгілері әртүрлі: бірден ұйықтап кету қиын, ұйқысыздық, түн ортасында оянып кету, оянып кеткен соң қайта ұйықтап кете алмау.
- Жиі суық тию. Психикалық және физикалық шамадан тыс жүктеме кезінде иммунитет әлсірейді. Ағзаға зиянды вирустар мен бактериялармен күресу қиынға соғады.
- Дайындық кезінде зейін қою нашарлайды. Алдымен қиындайтыны: есте сақтау және назар аудару. Ақпаратты қайта-қайта оқисың, бірақ мағынасын түсініп, ұға алмайсың; есеп шешу барысында шатасып қаласың; ақпаратты есте сақтауға тырысасың, бірақ түк миыңа қонбайды.
- Өнімділіктің төмендеуі. Күйзеліс еріншектік және құлшыныстың азаюымен көрінеді, ал өзіңді мәжбүрлеу еш көмегін тигізбейді. Осыдан өнімділік зардап шегеді — дайындалуға құлқың жоқ, тапсырмалар орындалмайды.
Күйзелістен шығу үшін:
- сабақ кестесін өзгерту
- күнделікті серуендеу
- хоббиға уақыт арнау
- дұрыс тамақтану керек.
Күйзелістің алғашқы белгілерін сезсең, оны жеңу үшін мүмкіндігінше жауапкершілігіңе алып алған жүкті азайт. Жаңа эмоциялар мен жағымды әсерлерге уақыт тап.