Қазақша посттар
2022-07-28 08:01 Пайдалы кеңестер

Тарихқа дайындалудың 5 тиімді тәсілі

Тарих – өте қызықты пән. Содан еліміздің тарихы қалай болғанын, қандай тұлғалар өткенін, кімнің атағы қандай екенін білесің. Тарих бір жағынан қиын пән, себебі адам аты, даталар, оқиғалар өте көп. Тарихқа дайындықты қалай жеңілдету керек?


СЕРИАЛ

Тарихтың әрбір эпизодын сериал сияқты қабылдау керек, сонда еске түсіруге жеңіл болады. Әрбір оқиғаның басты кейіпкері, оқиғалар желісі, сатқындар, батырлары болады.


ИНТЕЛЛЕКТ КАРТА

Ақ парақтың ортасына «Алтын Орда» деп жазып, одан бұтақтар шығарып, әрқайсысына «Хандар», «Оқиғалар», «Жылдар» деп жазу керек. Ары қарай тарқатсаң, көз алдыңда біртұтас сурет шығады. Ағаш секілді осындай суреттерді ми жақсы қабылдайды.


ЕРЕКШЕЛЕУ

Конспект жазғанда маңызды даталарды, оқиғаларға себепкер тұлғаларды қанық бояумен бояған дұрыс. Іздеуге де жақсы. Бояу санада қалып қояды. Тек қана датаны белгілі бір бояумен бояп қойсаң болады.


ДАТАЛАР

Даталарды жаттау қиынға соғары сөзсіз. Бірақ маңызды даталарды тірек етіп алсаң болады. Мысалы, 1916 – көтеріліс; 1930 жыл – ашаршылықтан бір жыл бұрын; 1848 - Абай туғаннан үш жылдан соң; 86 – желтоқсан, 45 – соғыс, 18 – қыз, 99 – Жамбыл, 41 – Гитлер, 19 – бірінші курс студенті. 1958 – 58 студент деген секілді.


КАРТА

Үлкен карта алып, соған Қазақ хандығының шекарасын сызып, оқиғалардың атын жазып, жылын қоса белгілесең, көзің үйреніп қалады. Мысалы, 1643 Орбұлақ.

Осы кеңестер пайдалы болады деген үміттеміз!