Сіз не ойлайсыз сол міндетті түрде орындалады. Қаламайтын нарсеге емес, қалайтын нәрсеге көңіл аудару қажет. Қазіргі кезде ішкі негативтен арылу - адамдар арасында кеңінен таралып жүрген тенденцияға айналды.
Жалпы негативтен айырылу үшін өз ойыңызды үнемі бақылауда ұстау керек:
Ауырып қалмасам екен ;
Сынақтан сүрініп қалмасам екен ;
Кешігіп қалмасам екен ;
Осындай ойлардың өзі - негативті деп саналады. Санаңызды бұндай ойларға билету арқылы сіз, былайша айтқанда, өзіңізге өзіңіз бәле тілеп аласыз.
Шет тілін үйрену қиын десеңіз, ми сізге шет тілін үйренуге кедергі болатын бір проблеманы міндетті түрде табады. Тарихты оқу қиын десеңіз, ми тағы да сізге оны қиын қылатындай бір нәрсе ойлап табады.
Миға сіздің ойларыңыз жақсы ма жаман ба бәрібір. Сіз оған негативті нәрсе жіберген сайын, ол оны санаға негативті етіп бекіте береді. Сондықтан сіз ғана осы процесске араласып, миыңыз тек позитивті ойлармен толуын қадағалауыңыз қажет.
Сол себепті ойыңызды негативтен таза ұстап, санаңыздың фокусын сіз орындалуын қалайтын позитивті әрекеттерге бұруға ұмтылыңыз.