1. Егер уақытыңды маңызды емес және нәтиже бермейтін істерге жұмсай беретін болсаң, онда ешқашан ештеңеге үлгермейтін боласың. Сондықтан әр күніңді дұрыс жоспарлап, Парето заңына сәйкес уақытыңның 20%-ын 80% жағдайда нәтиже беретін істерге жұмсауға тырыс.
2. Әр іске үлгеріп, уақытыңды өнімді әрі тиімді өткізгің келсе, өзің істей алатын мөлшерден артық мойныңа іс алма. Қазіргі бізге үйреншікті 8 сағаттық жұмыс күні қалай пайда болғанын білесің бе? Кезінде атақты америкалық "Ford Motor Company" атты компанияның негізін қалаушы Генри Форд жұмысшылардың өнімділігін арттыру үшін 10 сағаттық жұмыс сағатын 8 сағатқа қысқартып, аптасына 40 сағаттық жұмыс істеу ережесін енгізеді. Фордтың тәжірибесі өз жемісін беріп, тиімділігі әлі күнге дейін дәлелденіп келеді.
3. Әр істі мінсіз атқаруға ұмтылып, шектен тыс перфекционализмге жол берме. Зерттеулер нәтижесінде, мінсіздікке ұмтылатын адамдардың жұмысты атқару өнімділігі төмен болып, олардың көп уақытты босқа жоғалтатыны белгілі болды.
4. Күн сайын қатаң тәртіпке бағынып, жоспарға сай өмір сүру және өнімді болу - мүмкін емес. Адам ағзасы - демалып, тынығуды қажет етеді. Өнімділік пен барлық нәрсеге үлгерудің кілті де - осыда.