Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Уақытты тиімді пайдаланып жүрсің бе?

Өнімділік дегеніміз - уақытыңды дұрыс басқара отырып, әр күніңді пайдалы өткізу.

  1. Әр таңыңды: "Менің бүгінгі күнге жоспарларым қандай?" деген сұрақтан баста. Осы сұраққа жауап беру арқылы сен өз-өзіңді бүгінгі күніңді өнімді өткізуге алдын ала дайындайсың. Жауабың қаншалықты нақты әрі анық болатын болса, іс-әрекетің де соған сай орындалатын болады.
  2. Кейбір адамдар күндізгі уақытта сабақ оқып, белсенді болғанды ыңғайлы көрсе, ал басқа біреулер, керісінше, кешкі уақытты ыңғайлы санайды. Сондықтан сен де күніңді жоспарлағанда, қай уақытта қандай іспен айналысқың келетінін анықтап, белгілеп қойғаның жөн.
  3. Кез келген істе жетістікке жету үшін мотивация мен қоса тәртіп те қажет. Егер тәртіп болмаса, сен жалқаулыққа беріліп, жоспарлап қойған істеріңді орындай алмайсың. Сол себепті қазірден бастап өз-өзіңді тәртіпке баулып, уақытыңды бағалап үйрен.