Кейбір адамдарды туғаннан жолы болғыш деп айтамыз. Ал кейбір адамдар өзін өмірде жолы болмайтын адам ретінде қабылдайды. Ақиқатында солай ма?
Мынадай тәжірибе жасалған. Ғалым жолы болғыштарды, жолы болмайтындарды және қарапайым адамдарды ғылыми зерттеуге қатысуға шақырады. Олардың әрбіріне қалың газет беріп, ішіндегі суреттерді санап шық деп тапсырма береді. Газеттің ортасына қолдан бір бет жабыстырып, үстіне өте үлкен әріппен: «Осы жазуды тәжірибе жасаушы ғалымға көрсетіп, 150 000 тг сыйлыққа ал» деп жазып қояды.
Нәтижесінде жолы болғыштардың бәрі және қарапайым адамдардың жартысы әлгі жазуды көріп, ақшаға қарық болады. Ал жолы болмайтындар ше? Олардың ешбірі жазуды көрмеген. Есіл-дерті сурет санауда болған екен.
Демек, жолы болғыштық – жоғарыдан келген табиғи талант емес, керісінше мүмкіндіктерді көре білу және пайдалану, байқампаз болу.
Ал сен жолы болмайтындардың қатарындасың ба әлде жолы болғыштардың ба?