Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Әдемі әрі әсерлі сөйлеп үйренудің 5 жолы

1. Адамдармен көбірек араласып, сөйлесуге тырыс. Өз пікіріңді айтудан қорықпа. Жаттыға келе өз пікіріңді сенімді түрде білдіретін боласың.


2. Даусың тым баяу болмауы қажет, әйтпесе адамдар сені өз-өзіне сенімсіз адам ретінде қабылдап, сөздеріңді елемеуі мүмкін. Дикцияңа көп көңіл бөл.


3. Сөйлескенде адамның көзіне тіке қара. Біріншіден бұл сөйлеу мәдениетіне жатады, ал екіншіден адамның назарын өзіңе аудартуға көмектеседі.


4. Өзіңді жиі-жиі мақтап қой. Сонда сенімділік өседі. Өйткені адамдар көбіне өзіне сенімді адамдардың сөзіне ғана құлақ асады.


5. Күн сайын өзіңді жаттықтырып, қайта-қайта тырысудан шаршама! Айнаның алдына бар да, өзіңді ойша үлкен аудиторияның алдында тұрғандай елестетіп, әсерлі сөйлеуге жаттық. Сонда уақыт өте келе басқа адамдармен сөйлескенде, ұялмай, қысылмай, ойыңдағыны жасырмай айтуға дағдыланатын боласың.