Қазақша посттар
2022-07-26 13:36 Пайдалы кеңестер

Ата-ана және мамандық 🧐

Ата анамызбен көзқарасымыз сәйкес келе бермейтін сәттер болып тұрады. Ал сол көзқарас мамандыққа келіп тірелгенде шарасыз күйде қаламыз. Көптеген жасөспірім мамандық таңдау кезінде осы бір қайшылыққа жиі тап болып, ақырында психология тұрғыдан қиналады.


Ендеше біз ата-анаң сен қалаған мамандығыңа қарсы шықса, қалай дұрыс әрекет ету керектігін айтамыз:

  • ең алдымен, барынша тыныш және жеке сөйлесуге тырыс. Ашуға салып, дауыс көтерме. Олар саған жақсылық ойлайды, тек сенің қалауыңды дұрыс түсінбеуі мүмкін. Мысалы, тәтті бәліш әзірлеп, шәйға шақырып, емен-жарқын талқыласаң болады.
  • екінші, әрі сен білу керек бастысы: сен ол мамандықты шынында қалайсың ба? Соны анықтап ал. Себебі, өз ішіңде күмән болса, өзгені сендіре алмайсың. Ақылға салып ойланып шешім қабылда.
  • ата-анаңа осы мамандық иелерін жақсы қырынан көрсетуге тырыс. Олар үшін ол тың ақпарат болуы да ғажап емес. Мүмкін олар үшін ол мамандық бастапқы кездегідей нашар емес, әлдеқайда үздік болып көрінер.

Ал сен мамандықты қалай таңдадың?