Ғалымдар жылдар бойы ми көлемінің ұлғаю себебін зерттеп, мынадай қорытындыға келді: Қазіргі заман адамының миы үнемі қозғалыста болудың және ойланудың арқасында көлемі жағынан ұлғайып, дамып, эволюциялық өзгерістерге ұшыраған.
Зерттеушілер эксперимент жасау үшін алдымен тышқандар мен егеуқұйрықтарды таңдап алады. Содан соң олар тышқандардың арасынан ең жақсы жүгіретіндерін және егеуқұйрықтардың арасынан жылдам қозғалатын, төзімділерін алып, оларды будандастырады. Бұл екі түрдің қосындысынан пайда болған гибридтің миы, басқа түрлерге қарағанда көлемі жағынан үлкенірек әрі иммундық жүйесі әлдеқайда мықтырақ болып шығады.
Сонымен қатар жүргізілген басқа да зерттеулердің нәтижесінде, жаратылысынан берік төзімділікке ие, көбірек қозғалуға икемі бар жануарлардың миы көлемдірек болатыны да дәлелденген.
Бұдан қандай түйін шығаруға болады?
Бұл дегеніміз - адам неғұрлым көбірек қимылдап, спортпен айналысу арқылы өз интеллектін дамытып, миының жұмысын жақсарта алады. Сол себепті де, саған әрдайым физикалық жаттығулар жасауға және денсаулығыңды күтуге кеңес береміз.