1. Ұйқыға жатар алдында санаңа: "Мені таңертең осындай(...) уақытта оят"- деп айтып қой. Сонда таңертең сен үлкен ықтималдылықпен ұйқың қанғандай сезімде әрі оятқыштан сәл ертерек оянатын боласың.
2. Таңертең беті-қолыңды жуып болғаннан кейін айнаға қарап, күлімде де, өзіңе: "Мен өз-өзімді жақсы көремін"- деп айт. Өзін-өзі жақсы көрудің маңызын көбі түсіне бермейді, алайда бұл әрбір адамның тұлға болып қалыптасуы мен өмірін өзгертуде үлкен рөлді атқарады.
3. Күн сайын серуендеуді әдетке айналдыр. Өйткені серуендеу кезінде миға қызықты идеялардың келуі мен шабытыңның ашылу мүмкіндігі өте жоғары болып табылады.
4. Күніңді продуктивті өткізгің келсе, күннің бірінші жартысын ең маңызды істерді атқарудан баста. Ал жеңіл және оңай жұмыстарды күннің екінші жартысында орындасаң да болады.
5. Егер көңіл-күйің түсіп, өзіңді жабырқаңқы сезінсең, өзің риза 3 нәрсе туралы ойла. Мысалы "мен өзімнің мынадай қасиетімнің бар екеніне ризамын" немесе "мен ата-анамның маған түсіністікпен қарайтынына ризамын" деген сияқты өзің риза болатын нәрселер жайлы ойлауға тырыс. Бұл сенің көңіл-күйіңді лезде көтеріп, мұңаюдан арылуға көмектеседі.