Қазақша посттар
Біреу сені сынап, мінесе...
Пайдалы кеңестер

Біреу сені сынап, мінесе...

1. Барлығына бірдей жағу мүмкін емес, міндетті түрде сені сынап, қателескен жеріңді айтатын адам табылады. Сол себепті де, адам өзіне айтылған сынды салмақты түрде, жақсы жағынан қабылдап үйренуі керек.


2. Әрбір сынаққа ұшыраған сайын, сына бермей, қайта мықтырақ бола түс. Басқалар сені сынап, міней берсін, ең бастысы, сен өзіңді дамытуды тоқтатпасаң болғаны.


3. Сынаудың да өз орны болады. Егер сені орынсыз сынап жатса, сен ондай сынды қабылдамай, өзіңді қорғауға толық құқығың бар. Бірақ есіңде болсын, өмір бойы сыннан қашып жүру де дұрыс емес. Себебі сынның не екен білмейтін адам, басқа адамдармен ешқашан дұрыс байланыс орната алмайды.