1. Стресс - адамның қиындыққа тап болғандығының белгісі. Бұл ендігі кезекте саған қиындықтан шығудың жолдарын қарастырып, қорқыныштарыңды жеңіп, жаңа мүмкіндіктерді іздестіру қажет дегенді білдіреді. Сондықтан қиындықты өміріңдегі кедергі ретінде ғана емес, өмірлік қарсыласың ретінде де қабылдауға тырыс. Сонда ғана сенің алдыңнан көптеген мүмкіндіктер ашылып, стресстің көмегімен қиындықты оп-оңай жеңіп, шыға аласың.
2. Ғалымдар бүгінгі таңда стресстің ойлау жүйесін жақсартатын анықтады. Бұл қалай десең, қиын жағдайларда адам стресс қысымына түсіп, бұл жағдайдан шығу үшін есте сақтау жүйесі секілді жүйелерді қозғап, көп ойлана бастайды. Дәл осы кезде критикалық ойлау да іске қосылып, ол пайда болған проблеманы шешудің тез әрі оңай жолдарын миға ұсына бастайды.
3. Егер бойыңды қобалжу мен күдіктер билесе, онда бұндай жағдайдан шығуға саған
стресс көмектесе алады. Ол үшін сен сәл тоқтап, алға жылжудың стратегиясын құруың қажет. Одан кейін әрбір қадамыңды алдын-ала ойластырып, қателіктеріңді қайталамауға тырысатын болсаң, кез келген қиындықтан сүрінбей, құтыла аласың.
4. Кейбір жағдайларда туындаған мәселемен бір өзің күресе алмайтын жағдайлар да
болады. Ондай кездерде өзіңе "Осы адам маған көмектесе алады-ау" - деп ойлайтын адамдардан көмек сұраудан ұялма. Өзгелердің тәжіриебелері саған көп көмектесуі мүмкін болғандықтан, олардан кеңес пен көмек қолын сұраудан еш қорықпа.