Қазақша посттар
2022-07-26 12:58 Пайдалы кеңестер

Жаңа күн = жаңа білім 📙

Дүниетанымыңды кеңейтіп, миыңды ерте қартаюдан сақтаудың ең тиімді жолы - күн сайын жаңа нәрсе үйреніп, өзіңді жан-жақты дамыту. Неғұрлым көп білсең, соғұрлым өзіңе жақсы. Сол себепті әрдайым білім нәрімен сусындап, ешқашан бір орында тұрып қалмауға тырыс.


Әртүрлі жанрдағы кітаптарды оқып, әрқайсысынан бір нәрсе үйреніп, нәтиже шығара біл. Интернетке кір де, кездейсоқ бір мақаланы ашып, басынан аяғына дейін оқып шық. Егер оқуды ұнатпасаң, аудио кітаптарды, подкасттарды тыңдауыңа болады. Таңдау көп, сондықтан мүмкіндік бар кезде, пайдаланып қал.


Өмірде жетістікке жеткен, тәжірибесі мол адамдармен кездесіп, ақыл-кеңестеріне құлақ ас. Егер ондай мүмкіндік болмаса, ұлы адамдар жайлы биографиялық фильмдерді және Ted Talks секілді әлемдік конференцияларды қарауға кеңес береміз.


Қазір миды жаттықтыруға арналған әртүрлі мобильді қосымшалар бар. Олар есте сақтау қабілетін, зейін қоюды, сондай-ақ логикалық және математикалық қабілеттерді дамытып, уақытыңды тиімді әрі қызықты өткізуге көмектеседі. Ыбырай атамыз айтқандай, бастысы ниетің болса болғаны, ал қалғаны алдыңнан іздемей-ақ табылады.