Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-дан басқа өмір бар ма?

Басқа планетада өмір бар ма деген секілді ойлап қалған шығарсыңдар. Бірақ шыны сол, ҰБТ-ға дайындалушылар басқа өмір бар екенін ұмытып кетеді. Жатса да, тұрса да ойлайтыны ҰБТ. Ол ойдың көбі «анау есепті қалай шығарам» емес, «ҰБТ-дан өте алмай қалсам ше?» деген уайым. Уайымды сейілту үшін басқа іспен айналысып тұру керек, ол өмір деп аталады).


1. Мысалы, қоғамдық қорға ерікті ретінде тіркеліп, мұқтаж жандарға азық-түлік тарату жобасына қатысып көр. Тағдыр тәлкегіне түскен адамдарды көріп, өзің бақыттың базарында жүргеніңді ұғасың.


2. Кітап талқылау клубына жазылып, аптасына бір рет оқыған кітабың жайлы айтып берсең болады.


3. Спорт секциясына жазылып, аптасына 2-3 рет футбол, волейбол, стол теннисіне барып тұрсаң болады.


4. Атқа мініп серуендесең болады. Ондай қызметті ұсынатын жекелеген фермалар көп.


5. Өзіңе ұнайтын өлең кітаптарынан шумақтар жаттасаң болады. Бұл жадыны күшейтеді.


6. Мектепте өтетін шаралардағы көрініске қатысып, актерлік шеберлігіңді шыңдасаң болады.


7. Мобилография, видеография секілді хобби тауып, әдемі видео, фото жасауыңа болады.


8. Бұрын бармаған мұражай, тарихи орындарға достарыңмен немесе жалғыз саяхаттай аласың.


9. Ағылшын клубына жазылып, аптасына бір рет сөйлеу машығыңды дамыта аласың.


10. Немесе өзіңнің қалауыңа қарай түрлі пайдалы нәрселер іздеп көр. ҰБТ-дан басқа да өмір бар екенін түсіне бастайсың.