Қазақша посттар
2022-08-03 17:50 Пайдалы кеңестер

«Жоқ» дей білу «Иә» деуден де маңызды

Біреуден жиі көмек сұрайтындар әдетте манипуляторлар болып келеді. Олар адамның әлсіз тұсынан басып, өзінің қолынан келетін шаруаны басыңа іліп кетеді. Олар біздің «жоқ» деп айта алмайтынымызды жақсы пайдаланады.


Біз қай кезде «жоқ» деп айта алмаймыз:

Дөрекі болғымыз келмегендіктен. Дөрекі болғың келмесе, жұмсақ түрде, асықпай айту керек.

- Көмек көрсеткің келуі немесе қарыз сезімі. Көмек көрсеткің келсе, ол сенің жұмысыңа, өмірлік қағидаларыңа зиянын тигізбеуі керек. Оған қарыз сияқты сезімде болсаң, біліп қой, сен ешкімге жайдан-жай қарыз емессің.

Иә деу арқылы қайтарымын күту. Көмек көрсетудің мақсаты – ақысына бірдеңе күту болса, бұл жақсы әдет емес.


Күнделікті жоспары жоқ адам көбіне «жоқ» деп айта алмайды. Түскі сағат 12:00-де істейтін ісің жоспарда жазылса, мысалы, тарихтан тест кітапшасын қарап шығу. Сол уақытта біреу төтеннен келіп жұмыс айтса, сен сыпайы түрде «жоқ» деп айта аласың. Ал егер жоспарың болмаса, қолың бос секілді сезінесің де, біреудің жұмысын істей бастайсың.

Шынайы досың болса, сен «жоқ» деп айтқанда түсінеді. Ал манипулятор ренжіген сыңай танытып, сезіміңді толқытуға тырысады. Айырмашылықты өзің байқап көр.