Қазақша посттар

Mindfulness - дегеніміз не?

Күнделікті өмірде болып жатқан әр сәтті саналы түрде қабылдап, күніңізді ешқандай стрессіз және уайымсыз өткізу психологияда mindfulness деп аталады.





Көп адамдардың күні күн сайын қайталанатын жұмыс, одан қалса күйбең тірлікпен өтіп жатады. Осылай тыным таппай жүргенде бір күн емес бүкіл өміріміздің қалай өтіп кеткенін байқамай қаламыз. Сіз де сол адамдар сияқты болсаңыз, онда дәл бүгін өзіңізге демалыс жариялаңыз. Үнемі сабақ оқудан босамайтын миыңызды таза ауаға шығып демалтыңыз, былайша айтқанда жай ғана өмір сүріңіз.





Таңертеңгі таңғы асыңыздың өзін асықпай, байсалды түрде қабылдаңыз. Жақсы көретін плэйлистіңізді қосып, таңғы 5 минутыңызды дене жаттығуларына арнаңыз. Ешқандай негативті ойдың сіздің бойыңызда пайда болуына жол бермеңіз.





Қолыңызға қарындаш пен бір парақ қағаз алып, қалаған тақырыбыңызды таңдап, сурет салыңыз. Сурет салу қолымнан келмейді деп айтпаңыз. Бастысы - өзіңіз сурет салудан шабыт алып, бір уақыт тыныштық сезіміне бөленсеңіз болды.





Кешкісін жұмыстан немесе сабақтан қайтып келе жатқанда құлаққап киюден бас тартыңыз. Оның орнына жан-жаныңызға зер салып, құлақ түріп көріңізші. Құстардың сайрағаны, кішкентай балалардың ойнап жүргені, тіпті көліктің шуы да - сезінуге лайық өмірдің бір бөлшегі.





Ойыңызға келген әрбір идеяны, немесе жай ғана ойлар болса да жеке күнделігіңізге жазып жүріңіз. Әдемілігіне назар аудармаңыз, ішіңіздегі бар эмоцияңызды қағаз бетіне түсіріңіз. Кім біледі, мүмкін небір тамаша идеялар шығып қалар?





Өмірдің рақатын сезіне біліңіз, көпшілік секілді әр күніңізді автоматты жағдайда өткізбей, әр сәттен ләззат алуға тырысыңыз. Себебі сіз позитивті және саналы өмір сүруге лайықсыз!