Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Ұйқының сапасын жақсартуға 3 кеңес

Өнімділікті арттырып, көңіл-күйді көтеретін сиқырлы нәрсе - ұйқы. Сапасыз ұйқы өнімділікті төмендетіп, өмір сүру ұзақтығын да қысқарта алады.


1. Егер таңертең сергек оянғың келсе, ұйықтар алдында бір сағат бұрын ешқандай гаджеттерді қолданбауға тырыс. Себебі экранның көк түсі ұйқы гормоны мелатониннің бөлінуіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде ұйқының сапасы нашарлап, тез ұйықтап кету қиынға соғатын болады.


2. Ұйықтар алдында ауыр тамақ ішу де ұйқының сапасын нашарлатады. Өйткені асқазан демалудың орнына әлгі ауыр тамақты қорытып, жұмыс жасауы қажет болады. Ал бұл өз кезегінде ұйқының бұзылуы мен өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соқтырады.


3. Ұйқыға кетер алдында жарты сағат бұрын бөлмеңді желдетіп, құрамында кофеині бар сусындарды ішуден аулақ бол. Сондай-ақ ұйқыға кету процесін жеделдету үшін медитация, йога секілді тыныштандыратын жаттығуларды жасаудың да пайдасы көп.