Қазақша посттар
2022-07-26 14:26 Мотивация

Ренішті іште сақтама! 😪

Бір күні шәкірті ұстазынан:

- "Ұстаз, айтыңызшы, сіз қалай үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүре аласыз? Сондай-ақ сіз ешқашан ешкімге ренжіп, реніш те сақтамайсыз..." деп сұрайды.

Сонда ұстазы шәкіртіне "Бір қап пен бірнеше килограмм картоп дайындап, әр кез біреу сені ренжіткенде бір картопты алып, соған ренжіткен адамның атын жазып, қапқа жина" - дейді.


Арада бірнеше ай өткеннен кейін шәкірті ұстазына қайтып келеді. Арқасында ауыр және жеуге жарамсыз картопқа толған қабы бар екен. Келе сала:

- "Ұстаз, мен бұдан әрі бұл қапты арқалай алмаймын. Әбден шаршап, қалжырадым. Сіз секілді болудың басқа жолдары бар ма?" - деп сұрайды.

Сонда ұстазы: "Менің саған бір қап пен картоп дайында деп айтуымның да себебі осы болатын. Сен әрқашан біреуге ренжіген сайын сенің жан дүниеңде дәл осы картоп секілді бір тас пайда болады. Ренішің көбейген сайын тастардың саны да ұлғайып, көңіл-күйің түсіп, сабырлығыңды жоғалтасың. Сөйтіп өмірің бірте-бірте осы бұзылған бір қап картопқа ұқсай бастайтын болады".

"Сондықтан бұндай жағдайда сен таңдау жасауың керек. Не өзгелерге өкпелеп, оларға реніш сақтайсың, не барлық өкпе-назыңды өткеннің еншісіне қалдырып, жан дүниеңді таза ұстайсың".