Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-ға дайындалуды әдет қылдың ба?

Әдет қалыптастыру оңай емес. Соңғы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, жаңа әдет қалыптастыру үшін орташа есеппен алғанда 66 күн қажет екен.

  1. Жаңа әдет қалыптастыру - көп уақытты талап ететін процесс. Сондықтан бір күнде әдет қалыптастырып, бір аптада нәтижеге жетуге талпынба. Күн сайын аз-аздан, бірақ жүйелі түрде қайталау ғана сені жетістікке жеткізе алады.
  2. Қазіргі кезде әдетті қалыптастырып, оны күнделікті орындап отыруыңды бақылауға көмектесетін әртүрлі мобильді қосымшалар бар. Соларды телефоныңа жазып алу арқылы күнделікті прогресіңді көріп отыра аласың.
  3. Егер кітап оқуды әдетке айналдырғың келсе, онда әрбір кітап оқыған сайын өзіңе кішігірім сыйлық жасап, жылы сөздермен қолдап қой. Бұл сені кітап оқуды әдетке айналдыруға итермелеп, құлшынысыңды арттыратын болады.