Қазақша посттар
2022-08-03 16:21 Пайдалы кеңестер

Ақпаратты түсіну қиын ба?

1. Ақпаратты жылдам есте сақтап алу үшін сөздік қорыңды дамытуың керек. Себебі кітапты оқығаныңмен, оның жартысын түсінбесең не пайда? Сөздік қорыңды байыту мақсатында әртүрлі тақырыптағы кітаптарды оқып, түсінбеген сөздеріңнің мағынасын сөздіктен қарап ал.


2. Кітапты жай ғана оқып қоймай, әрбір бөлімге тоқтаған сайын өзіңе бөлім бойынша сұрақ қойып отыр. Сондай-ақ кітапта берілмеген қосымша ақпаратты Уикипедияға кіріп, оқуыңа болады.


3. Кітапты зейін қойып оқу үшін сені ешкім және ештеңе алаңдатпайтындай тыныш жерге барып оқы. Телефоныңды «ұшақ» режиміне қой немесе сөндіріп таста. Содан соң кітаптың барлық бөлімдерін бір шолып шығып, мазмұны не туралы екенін қара.


4. Егер кітап оқығанда әрбір үтірге, әрбір сөзге тоқтап, көп кідіріс жасай берсең, кітаптың мағынасын түсіну қиынға түседі. Уақыт бөліп, кітапты жылдам оқу техникаларын үйреніп алуға кеңес береміз.


5. Кітапты оқып болып, бірақ мазмұнын сонда да түсіне алмасаң, сол кітапқа ұқсас басқа да кітаптарды, қысқаша түсіндірмелер мен қорытындыларды оқы. Өзіңе керек ақпаратты толық меңгермейінше, оқып, ізденуді тоқтатпауға тырыс.