Тәуекел деген – керемет нәрсе. Ештеңені уайымдамайсың. Қолыңнан келгенін 100% әдемі жасайсың. Қалғанына тәуекел етесің. Болса, болды. Болмаса, әлі уақыты келмегені. Әрекет етіп, сабаққа дайындалып, еңбектенген адамның жерде қалғаны жоқ.
Сенің ҰБТ-дан жоғары балл жинайтыныңа ең қатты көмектесетін нәрсе – сенім. Мақсатыңа қол жеткізетініңе сен. Біз де сенеміз. Дайындыққа сеніммен кіріс. Сонда ешқашан шаршамайсың.