Қазақша посттар
2022-08-03 16:59 Пайдалы кеңестер

Сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы

Кімнің сөзі, білесіңдер ме? Абай атамыз он тоғызыншы қара сөзін осы сөйлеммен аяқтайды. Сондағы айтқысы келгені мынау еді:


«Ақылды адамдардың айтқан кеңестерін тыңдаған адам өзі де ақылды бола бастайды. Тек ақылды болу жеткіліксіз. Сол айтылған кеңестерді өзің де істеу керек. Жақсыларын өмірге енгізу, жаман әдеттен арылу керек. Мұндай ақылды кеңестерді естігенде салғырт қарайтын, ұғуға тырыспайтын адамға не деуге болады?».


Салғырттық – білімнің, табыстың, байлықтың қас жауы. Сендер салғырт болмаңдар. ҰБТ, ҰБТ-ға дайындық, грант ұту мүмкіндігі, мамандық, мамандық таңдау қағидалары, пайдалы посттар – бәрі қолдарыңда тұр. Ол – joo.kz мобильді қосымшасы. Бір ақтарып шықсаң, іздеген сұрағыңа жауап табасың.

Joo.kz мобильді қосымшасын білмейтін достарыңа, оқушыларға, іні-қарындастарыңа бөлісіп жібер. Ең жақсы адам – қоғамға пайдалы адам екенін ұмытпағайсың.