Қазақша посттар
2022-08-04 16:57 Мотивация

Опра Уинфридің жетістікке жету жолы

Америкалық атақты тележүргізуші, миллиондаған аудиторияны жинап, жүзден астам елде өз шоуымен танылған Опра Уинфридің жетістікке жету жолы қиындыққа толы жол болды. Балалық шағы қиын кездерге тап болып, кедейліктің зардабын ерте тартса да, ол АҚШ-тың мақтанышына айналып, алғашқы афроамерикалық миллионер әйел атанды.


Опра бала кезінен оқуға ынталы болып, өзінің ораторлық қабілеттерімен ерте танылады. Соның арқасында ол 1984 жылы Чикагоға шақырту алып, аса танымал емес телебағдарламаны жүргізуге жұмысқа тұрады. Басында Опра "көрермендерге жақпай қаламын ба" - деп қорыққанымен, бірнеше айдан соң ол қорыққаны бекер болып шықты. Себебі бар болғаны бірнеше ай ішінде Опраның рейтингі өсіп, ол үлкен танымалдылыққа ие болады. Ал 1986 жылы 8 қыркүйекте 25 жылға созылған "Опра Уинфридің шоуы" деген атпен белгілі шоу жарық көреді. Бұл шоу небәрі 7 жыл аралығында бүкіл дүние жүзіне таралып, Опра әлемдегі ең жоғары бағаланатын тележүргізушіге айналады.


Опраның шоуларын 6 миллионнан 12 миллионға дейін адам қараған болса, қаралымдардың рекордты көрсеткіші - 20 миллион адамға жеткен. Оның осындай жетістікке қол жеткізіп, шоуларының соншалықты танымал болғандығының сыры неде? Жауабы мынау: Опра әрқашан өз жұмысын жан тәнімен жақсы көріп, ықыласпен атқаратын болған. Сондай-ақ оның эмоционалдылығы, шынайылылығы және ешкімді кемсітіп, сынамайтындығы адамдарды өзіне тартып, көрерменнің көзайымына айналуына себепші болды.