Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Адамдарға жоқ деп айта алмаймын…

Жоқ деп айта алмайтындар артық жұмыс, артық проблеманың жүгін арқалап алады. Неше түрлі адам қолқа салып, өзінің жауапкершілігін саған арта салуы мүмкін. Мысалы, басшы адамдарға жоқ дей алмайсың; бейшара боп көрінген адамға жоқ дей алмайсың; жақсы көрген адамыңа жоқ дей алмайсың. Мұндай қасіреттен қалай құтылуға болады? Бұл ұзақ процесс, бірақ нәтижесі соған тұрарлық.


1. Өтініш жасаған адамның орнына өзіңді қойып көрме. Әйтпесе, жаның ашып, жоқ деу қиындай береді.


2. Сұрақтың төркінін түсін. Адам өзін бейшара етіп көрсетуге тырысады. Сенің аяныш

сезіміңді тудырып, бір міндетті артып қоюға тырысады. Ондайда бірден бас тарту қажет.


3. Жоқ деп жауап бергенде ақталма. Мысалы, «Дүйсенбі алгебрадан көмектесесің бе?» деп сұраса, сен «Кешір, ол күні үйде қонақ болады» деп ақталып, бетін қайтардың делік. Онда манипулятор «Ендеше сейсенбі күні барайын» дейді. Сондықтан әуел бастан жоқ деп айт.


4. Жоқ деп айтқан соң туындайтын ұялу сезімін өшіріп үйрен. «Ұялмайсың ба?», «Досыңа жоқ деп қалай айтасың?», «Шын дос болсаң, өтінішімді жерге тастамас едің» деген секілді сөздермен жанды жеріңнен ұстауға тырысады.