Қазақша посттар

Биіктіктен қорықсаң, парашютпен секір

1. Қорқынышыңды жеңу үшін сен өз-өзіңе сенімді болып, өзіңді қорқыныштарыңнан жоғары қоюың керек. Ойша өзіңді барлық қорқыныштарыңнан биік тұрғандай сезініп, әлгі қорқыныштарың көзге көрінбейтіндей болғанға дейін өзіңді бәрінен үлкен адамдай елестет. Осылай өзіңнің жеке басыңды қорқыныштарыңнан жоғары қойғаннан кейін ғана сен олардан біржола арыла аласың.





2. Қандай да бір маңызды жайттың алдынан бойыңды қорқыныш сезімі билеп, өзіңді қобалжулы сезінетін болсаң, ойша өзіңе ұнайтын бір жайлы жерді тауып алып, миыңды демалтқың келген кезде өзіңді сол жерге барып отырғандай сезінуге тырыс. Ол жер сенің ішкі балансың мен тыныштығыңды қамтамасыз ететіндей жер болуы қажет.





3. Қорқыныштан құтылудың ең эффективті жолы - қорқынышыңмен бетпе-бет келу. Мысалы биіктіктен қорықсаң, парашютпен секіруіңе немесе парапланда ұшып көруіңе болады. Ал судан қорықсаң, бассейнге баруды бастасаң болады. Өзіңнің қорқыныштарыңнан қашпай, керісінше, оларға қарай қарсы жүретін болсаң ғана қорқыныштарың біртіндеп азая бастайтын болады.