Қазақша посттар
2022-07-28 16:38 Мотивация

Піл оқиғасы немен аяқталады?

Біз өз бойымыздағы аласапыран күштің бар екенін білмейміз. Білсек те мойындамаймыз. Стресс жағдайында әдеттен тыс күшке ие болатын оқиғалар өте көп. Мысалы, көлік астында қалып қойған баласын құтқарам деп машинаны көтерген әйелдің оқиғасы бар. Бірақ осы алпауыт күшті өзіміз бұрыс ойларымызбен тұншықтырып тастаймыз.


Пілдің баласын қолға үйретерде аяғына үзіп кете алмайтын жұқа жіп байлап қояды. Піл ары тартып, бері тартып жіпті үзе алмайды. Бір уақытта оны үзе алмайтынына сенеді. Кейін жіп түгіл, болат шынжырды үзе алатын алып пілге айналады. Сонда да аяғындағы жұқа жіпке байланып тұра береді. Себебі санасына «жіпті үзе алмайсың» деп әбден сіңіп қалған.

«Грантқа түсу маған бұйырмаған», «сабақ басыма кірмейді», «Мен, ата-анам айтпақшы, қолынан түк келмейтін арамтамақпын» деген ойлар санаңды шырмап алса, онда сен де осы шынжырға байланып жүргеніңді ұқ. Оны үзу ешқашан кеш емес. Піл деген жануар, көп нәрсеге ақылы жетпейді, жіпті үзе алмастан өледі. Ал сен адамсың, ақылға салып, өзіңді шектейтін ұстанымдардан арыла аласың.