Қазақша посттар
2022-08-04 15:14 Мотивация

Өзіңді бақытты сезінудің ең оңай жолы

1. Жан-жағыңда болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамауға тырыс. Қандай да бір мәселе туындаса, оны алғашқы болып шешуге ұмтылып, жағдайды өз қолыңа ал. Егер үнемі осындай белсенділік танытып жүретін болсаң, бірте-бірте өз өмірің үшін жауапкершілікті сезініп, өз-өзіңе деген сенімділігің арта түсетін болады.


2. Қателесіп, сәтсіздікке тап болғаның үшін ұялып, қорқудың еш қажеті жоқ. Қателік жасау арқылы сен одан сабақ алып, болашақта сондай қателік жасаудың алдын-ала аласың. Сондықтан есіңде болсын: әрбір сүрінген сайын сен мықтырақ бола түсесің. Ал соңында барлық қателіктеріңнің жемісін көріп, міндетті түрде жетістікке жетесің. Сол үшін де, ешқашанда берілме!


3. Өзіңе тым қатал болып, мойныңа көтере алмайтын жүк алма. Бұлай жасау арқылы сен тек өзіңнің алтын уақытыңды босқа жіберіп, өз-өзіңе деген сенімділікті төмендетіп аласың. Сол себепті, бұндай әдеттен бас тартып, барынша арылуға тырыс.


4. Сен қорқатын заттардың 80-90%-ы шынайы өмірде ешқашанда орындалмайды. Себебі біздің қорқыныштарымыз жай иллюзия ғана. Сондықтан оларға бола бостан-босқа қобалжып, уайымдаудың еш қажеттілігі жоқ.


5. Өзіңді бақытты сезінудің ең оңай жолы - өз-өзіңе риза болу. Өз-өзіңді жақсы көріп, үнемі өзіңе рақмет айтып отыру - лезде көңіл-күйіңді көтеріп, сенің де, өзгелердің де бақытты болуына көмектеседі. Сол үшін қандай да бір қиындыққа тап болып, қиналсаң, өзіңе жай ғана риза екеніңді айтып отыруды ұмытпа.