1. Мен өз-өзімді әрдайым қолдаймын! Қиын сәтте қасыңнан достарың мен жақындарың табылып, қолдау көрсеткенімен, өз-өзіңе деген қолдаудың орны әрқашанда бөлек. Сол себепті де, қиын кезде өзіңнің рухыңды көтеретіндей етіп, өзіңе бір-екі жылы сөз айтып үйрен.
2. Мен өзім қалағандай өмір сүремін! Армандарыңды кейінге қалдыра бермей, іске кіріс! Бастысы, мақсатың айқын болса болғаны, қалғанын кейін көре жатарсың. Өзгелердің ақыл-ойын тыңдаймын деп жүргенде, алтын уақытыңды жоғалтып алмайтыныңа кім кепіл?! Сондықтан алдымен алғашқы қадамды жасап, армандаған өміріңе кішкене болса да, жақындауға тырыс.
3. Мен ешқашанда берілмеймін! Бұлтты, жаңбырлы күндердің өзі мәңгі емес, олар да бір күні сейіліп, шуақты күннің келетінін есіңнен шығарма. Сол сияқты қазіргі басыңнан өтіп жатқан қиындықтар да бір күні таусылып, орнына бақытты күндердің кезегі келетінін ұмытпа.
4. Мен өз-өзімді дамытып, ізденіс үстінде боламын! Жетістікке жетудің кілті - үздіксіз оқып, аянбай еңбектенуде. Сондықтан үнемі ізденіп, біліміңді ары қарай да кеңейтуге ұмтыл. Кейіннен сол еңбегіңнің жемісі өзіңе міндетті түрде қайтып оралатын болады.