Кейбір оқушылар өз бетімен дайындалады, ал кейбірі арнайы курстарға барады, біреулері жеке мұғаліммен дайындалады. Қысқасы, өзіңнің мүмкіндіктеріңді есепте. Сол бойынша уақытты зая кетірмей, іске кіріс.
Өз бетіңше дайындалудың артықшылықтары:
- «Өзің қожа, өзің би». Қалай дайындалу керектігін өзің шешесің. Бұл сенің бойыңда сенімділікті арттырады.
- Тек бір материалдар немесе видеолармен шектелмей, кең ауқымда дайындаласың.
- Отбасылық қаржыны үнемдейсің.
- Уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік бар. Яғни, әр пәнге өз деңгейіне байланысты уақыт арнап дайындала алу.
Өз бетіңше дайындалудың кемшіліктері:
- Пікір немесе тәжірибе алмасу ортасының болмауы.
- Нақты материалдар аз. Мысалы, оқушы кез келген кітап немесе тестпен дайындалуы мүмкін. Бірақ, сол оқыған оқулықтарындағы мәліметтің ҰБТ-да кездесу ықтималдығы аз болуы мүмкін.
- Бағыт-бағдар беретін ұстаздың болмауы.