Қазақша посттар
2022-07-26 18:35 Пайдалы кеңестер

ҰБТ-ға өз бетіңше дайындалған дұрыс па?

Кейбір оқушылар өз бетімен дайындалады, ал кейбірі арнайы курстарға барады, біреулері жеке мұғаліммен дайындалады. Қысқасы, өзіңнің мүмкіндіктеріңді есепте. Сол бойынша уақытты зая кетірмей, іске кіріс.


Өз бетіңше дайындалудың артықшылықтары:

  • «Өзің қожа, өзің би». Қалай дайындалу керектігін өзің шешесің. Бұл сенің бойыңда сенімділікті арттырады.
  • Тек бір материалдар немесе видеолармен шектелмей, кең ауқымда дайындаласың.
  • Отбасылық қаржыны үнемдейсің.
  • Уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік бар. Яғни, әр пәнге өз деңгейіне байланысты уақыт арнап дайындала алу.

Өз бетіңше дайындалудың кемшіліктері:

  • Пікір немесе тәжірибе алмасу ортасының болмауы.
  • Нақты материалдар аз. Мысалы, оқушы кез келген кітап немесе тестпен дайындалуы мүмкін. Бірақ, сол оқыған оқулықтарындағы мәліметтің ҰБТ-да кездесу ықтималдығы аз болуы мүмкін.
  • Бағыт-бағдар беретін ұстаздың болмауы.