Қазақша посттар
2022-04-05 14:46

ҰБТ сұрақтарын 10 минутта жаттап алу мүмкін бе?

3 тиімді тәсіл


Кез келген нәрсені 10 минут ішінде немесе одан да аз уақытта есте сақтап алуға болады. Қалай екенін білгің келсе, постты соңына дейін оқы.





1. Психологтар қандай да бір ақпаратты тез арада есте сақтап алу үшін оның суретін салуға кеңес береді. Ең бастысы, сурет өзіңе түсінуге оңай болса болғаны, сондықтан оны салуға 10 минуттан артық уақыт жұмсамауың тиіс. Бұл әдістің тиімділігі: сен сурет сала отырып, әрі креативті ойлауыңды дамытасың, әрі ақпаратты оп-оңай есте сақтап алатын боласың.



2. Қажетті ақпаратты есте сақтау үшін алдымен оны бірнеше қайтара оқып, сосын 5 минут бойы физикалық жаттығулар жасау керек . Жүргізілген зерттеулер бұл әдістің тиімді екендігін бірнеше рет дәлелдеген. Жалпы кез келген физикалық жаттығу миды оттекпен қамтамасыз етіп, жаңа нейронды байланыстардың пайда болуына септігін тигізеді. Сондықтан бұл әдістің пайдаға асатынына күмәнданбасаң да болады.



3. Күніне 10-12 минут музыка тыңдау немесе медитация жасау есте сақтау қабілетіне жақсы әсер ететіні анықталды. Әрине, бұл әдісті бір рет жасағаннан есте сақтау қабілетің жақсарып кетпейді, бірақ күнделікті қайталау арқылы қандай да бір нәтижеге жететінің анық.